АҚШ Ресеймен сауда жасайтын елдерге қарсы жаңа санкцияны қолдады

Фото: pexels.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен коммерциялық байланысы бар елдерге санкция салуға бағытталған екі партиялы заң жобасына қолдау көрсетті. Бұл бастама алдағы аптада Конгрессте дауысқа салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Сенатор Линдси Грэмнің айтуынша, бұл құжат бірнеше ай бойы республикашылдар мен демократтар бірлесіп әзірлеген заң жобасы болып табылады.

«Президент Трамп бұл заң жобасын қолдап, оны жүзеге асыруға жол ашты», — деді сенатор Грэм.

Құжат Ресеймен сауда жасайтын елдерге, әсіресе оның энергия ресурстарын сатып алатындарға санкция енгізуді көздейді. Бұл шара Украинадағы соғысты бейбіт реттеуден Ресейдің бас тартуына жауап ретінде ұсынылды.

«Бұл заң Трампқа арзан ресейлік мұнай сатып алып, Путиннің соғыс экономикасына қолдау көрсетіп отырған елдерге — Қытай, Үндістан және Бразилияға қысым жасау құқығын береді», — деді Грэм.

Оңтүстік Каролинадан сайланған сенатор дауыс берудің келесі аптада өтіп, кең қолдауға ие болатынына үміт білдірді.

Бұған дейін Сенат пен Өкілдер палатасының басшылығы бұл құжатты күн тәртібіне шығаруға асықпады. Себебі Трамп Ресеймен сауда байланысы бар елдерге қатысты санкция емес, импорттық тарифтер арқылы қысым жасауды жөн көрген еді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Үндістан — Қытайдан кейін ресейлік мұнайдың ең ірі тұтынушысы.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика