Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    2026 жылғы бюджет: ҚҚС түсімі 10 трлн теңгеге жетпек

    2026 жылы қосылған құн салығынан бюджетке 10 трлн теңге түспек. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға көп.

    2026 жылғы бюджет: ҚҚС түсімі 10 трлн теңгеге жетпек

    Фото: pexels.com

    Келер жылы республикалық бюджет кірісі 22,88 трлн теңге болады деген болжам бар. Оның 18,88 трлн теңгесі салықтан түспек, бұл — жалпы кірістің басым бөлігін құрайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Салықтық түсімдердің ішінде ең көп табыс қосылған құн салығынан күтілуде — 10 трлн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға артық.

    Қалған негізгі салық көздері:

    • Корпоративтік табыс салығы – 5,18 трлн теңге
    • Кедендік төлемдер – 2,39 трлн теңге

    Салықтан тыс кірістер 330,7 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде мемлекеттік мүліктен түсетін табыс – 253,4 млрд теңге.

    Мысалы, 2025 жылға арналған ҚҚС болжамы 6,51 трлн теңге болған, алайда биыл бұл көрсеткіш 10 трлн теңгеге дейін көтерілмек. Сонымен қатар өткен жылы салық жоспары толық орындалмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →