Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Оралдағы апатты жатақхана: тұрғындар жылдар бойы қауіпті ғимаратта өмір сүріп жатыр

    Оралдағы апатты жатақхана: тұрғындар жылдар бойы қауіпті ғимаратта өмір сүріп жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Орал қаласында 1964 жылы салынған 138 бөлмелі жатақхананың ахуалы тұрғындарды алаңдатып отыр. Қабырғалары қақырап, төбесінен су ағып, электр сымдары ашық жатқан ғимаратта тұрудың өзі үлкен қауіпке айналған. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.

    Тұрғындардың сөзінше, нысан ресми түрде апатты деп танылғанымен, оларды көшіру мәселесі ұзақ жылдан бері шешімін таппай келеді. Жылу мен су уақытша реттелгенімен, ғимараттың жалпы жағдайы адам өміріне мүлде қолайсыз күйде.

    «Мұнда тұру мүмкін емес, бірақ басқа барар жеріміз жоқ», – дейді жатақхана тұрғындары.

    Ал қала әкімдігі мен жауапты министрліктердің бұл мәселеге қатысты берген уәделері әзірге нақты іске ұласқан жоқ. Қауіпті ғимаратта күн кешіп отырған тұрғындар енді билік өкілдері қашан нақты қадамға барады деген сұраққа жауап күтуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →