Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ипотека мөлшерлемесі өсті: Шекті деңгей 25%-ға дейін бекітілді

    Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 25%-ға дейін өсті. Бұл қадам базалық ставканың 18% болуына байланысты қабылданды.

    Ипотека мөлшерлемесі өсті: Шекті деңгей 25%-ға дейін бекітілді

    Фото: pexels.com

    Енді ипотекалық қарыздар бойынша банктер жылдық 25%-ға дейін тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсына алады. Бұған дейін жоспарланған 20%-дық шектеу тоқтатылды, шекті мөлшерлеме уақытша көтеріледі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қаулы 26 желтоқсанда тіркеліп, 2025 жылдың 1 қарашасынан 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылады.

    Қаржы реттеуші органдар бұл шешімді базалық мөлшерлеменің 18% деңгейінде жоғары тұруымен және банктердің ипотека беруді мүлде тоқтатуы ықтималдығымен түсіндірді.

    «Егер 20% шек сақталса, екінші деңгейлі банктер ипотекалық несие беруді күрт азайтар еді», — деп мәлімдеді агенттік мамандары.

    Жаңа шек екінші деңгейдегі банктерге ипотеканы нарыққа бейімделген талаптармен жалғастыруға мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →