Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Атыраудағы пәтерлердің бірінде жігітті жабылып ұрған 2 ер адам ұсталды

    Атыраудағы пәтерлердің бірінде жігітті жабылып ұрған 2 ер адам ұсталды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген бейнежазба кеңінен тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, видеоны жергілікті блогерге жеке басы белгісіз қыз жолдаған. Блогердің айтуынша, аталған жайт алаяқтыққа ұқсас схема болуы мүмкін. Оның болжамынша, екі ер адам жігітті пәтерде жасөспірім қарындасымен бірге күштеп ұстап, ірі көлемде ақша талап еткен. Ақша беруден бас тартқаннан кейін олар жігітке күш қолданып, соққыға жыққан.

    Бейнежазбаны жолдаған қыздың бұл іске қатысы бар-жоғы әзірге анықталған жоқ. Қауіпсіздігіне алаңдаған ол блогерге нақты деректерді жария етпеген.

    Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан екі ер адамның жігітті ұрып-соғып, тепкілеп жатқанын анық көруге болады.

    Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың анықталып, полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →