Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    «Оқу жылы 25 мамырда аяқталсын» — ата-аналар петиция дайындап жатыр

    Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстанда оқу жылын ұзарту туралы шешімді сынға алды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы.

    «Мен мұғалім ретінде, білім беру саласындағы сарапшы ретінде бұл ойластырылмаған, негізі жоқ, кәсіби емес әкімшілік шешім деп санаймын», — деді Ирина Смирнова.

    Ол өз сөзін бірнеше фактімен дәйектеді. Депутаттың айтуынша, қазақстандық оқушылардың басқа елдегі оқушылардан айырмашылығы күніне 4 сағат емес, 6-7 сабақ оқиды.

    «Егер сабақтардың санын есептейтін болсақ, онда ол шетелдегі оқу жылының ұзақтығына сәйкес келеді. Сонымен қатар, балалардың жазда қанша демалатынын салыстыруға болмайды. Кейбір елдерде оқушылар қыста бір ай немесе жылдың басқа уақытында екі ай демалады. Олардың оқу жылының мүлдем басқа құрылымы бар және бізге айтылатын дәйектер – халықты адастыру. Олар бізді дұрыс шешім қабылдағандарына сендіріп әлек. Бұл қате шешім», — деп қосты Смирнова.

    Ол министрлік оқу жылын 25 мамырға дейін қайта қысқарту туралы шешім қабылдауы керегін айтты.

    Ақпарат көзі: Ulysmedia.kz

     

    «Қазір ата-аналар петиция дайындап жатыр, мен оның ықпалы  болады деп үміттенемін», — деді депутат.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →