Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Қайраттың» жұлдызды қақпашысы «Ақтөбеге» ауысады

    «Қайраттың» жұлдызды қақпашысы «Ақтөбеге» ауысады

    Алматылық «Қайрат» клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий мансабын «Ақтөбе» футбол командасында жалғастырады. Бұл туралы Qazaq Today ASnews.kz дерегіне сүйене отырып хабарлады.

    Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қақпашымен келісімшарттың аяқталғанын мәлімдеген еді. Кейін белгілі болғандай, Заруцкий «Ақтөбемен» екі жылдық келісімге қол қойған. Осылайша, ол 2027 жылдың желтоқсанына дейін ақтөбелік клубтың намысын қорғайды.

    Александр Заруцкий «Қайрат» сапында 24 матчқа қатысып, 18 гол өткізіп алған, сондай-ақ 9 кездесуде қақпасын «құрғақ» сақтаған. Ол алматылық команданың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына да елеулі үлес қосқан қақпашылардың бірі саналады.

    Дегенмен плей-офф кезеңінде «Селтикке» қарсы өткен соңғы ойында Заруцкий жарақат алып, оның орнына жас қақпашы Темірлан Анарбеков алаңға шықты. Анарбеков өзіне берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланып, ойында жақсы қырынан көрінді.

    Қазіргі уақытта «Қайрат» Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде Испанияның «Вильярреал» клубымен бірге 36-орында тұр. Алматылықтар Кипрдің «Пафосымен» өткен кездесуде 0:0 есебімен тең ойнап, бір ұпай еншіледі. Қалған матчтарда «Спортингтен» (1:4), «Реалдан» (0:5), «Интерден» (1:2), «Копенгагеннен» (2:3) және «Олимпиакостан» (0:1) жеңілді.

    Алдағы турларда «Қайрат» 20 қаңтарда Бельгияның «Брюгге» командасымен, ал 28 қаңтарда Лондонның «Арсеналымен» кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →