Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Прокуратура тексерісі: Шымкентте ондаған сот орындаушысы жауапқа тартылды

    Прокуратура тексерісі: Шымкентте ондаған сот орындаушысы жауапқа тартылды

    Фото: Pixabay
    Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында жеке сот орындаушылары тарапынан бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Қадағалау органы тексеру нәтижесінде 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Прокуратураның хабарлауынша, кейбір жеке сот орындаушылары борышкерлерге қатысты бұрын қойылған Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу шараларын заңсыз алып тастаған. Сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді заң талаптарын бұза отырып қозғаған жағдайлар тіркелген.

    Тексеру барысында ерекше назар аудартқан жайттардың бірі — жеке сот орындаушылары еңбек демалысында жүрген кезде олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді заңсыз бастаған фактілердің анықталуы болды. Бұл әрекеттер қолданыстағы заңнамаға тікелей қайшы келеді.

    Анықталған бұзушылықтарға байланысты ҚР Әділет министрінің атына заңдылықты қалпына келтіру жөнінде ұсыныс жолданған. Ұсынысты қарау нәтижесінде 85 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың бір бөлігіне қатысты лицензиядан айыру туралы сотқа талап арыз берілген.

    Әділет министрлігінің талап қоюы сотта қанағаттандырылып, нәтижесінде 12 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға берілген мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген.

    Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын тұрақты бақылауда ұстайтынын және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында арызданушыға тиесілі 370 миллион теңгені заңсыз иемденген сот орындаушысы сотталған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →