Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    15 желтоқсанда бүкіл өңірде қар жауады

    15 желтоқсанда бүкіл өңірде қар жауады

    Фото: freepik.com

    Синоптиктер 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар күн райының бұзылуына орай бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпарат порталы.

    Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігіне, суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Осыған байланысты күн көбінесе жауын-шашынсыз, бірақ аязды болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстікте тұман түседі деп болжанып отыр.

    Түнде Абай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, ораталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

    Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

    Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында аздап жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.

    Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында өте қатты аяз 30-31°С сақталады. Жетісу облысының Алакөл көлінің аумағында, түнде және таңертең Түркістан таулы асуларында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында кей уақытта өте күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кей жерлерде одан да асып түсуі мүмкін.

    Түнде және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

    Түнде және күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа, облыстың орталығында 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

    Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →