Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді •

    Темір жолдағы трагедия: Қарағандыда пойыз рельс ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны қағып өлтірді

    Темір жолдағы трагедия: Қарағандыда пойыз рельс ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны қағып өлтірді

    Фото: pixabay

    Қарағанды облысында рельс ауыстырып жүрген төрт жұмысшыны жүк пойызы қағып кетті. Төртеуі де оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    ҚТЖ-ның мәліметінше, 10 желтоқсан күні сағат 17:15-те Мойынты – Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражыңғыл аралығында жүк пойызының машинисі төтенше тежегіш қолданды. Бұл уақытта Сарышаған станциясының жол бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқан еді.

    Қажетті барлық қауіпсіздік шаралары қолданылғанына қарамастан, апатты жағдайдың алдын алу мүмкін болған жоқ. Төрт қызметкер ауыр жарақат алып, қаза тапты.

    «Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында «ҚТЖ» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны «ҚТЖ» ҰК АҚ басты инженері басқарады және құрамында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылары мен Магистральдық желі дирекциясының өкілдері бар. Комиссия оқиға орнында жедел жұмыс істеп, тергеу жүргізіп жатыр.

    «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген ҚТЖ хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →