Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Жаңа телефон алғанда нені ескеру керек?

    Жаңа телефон алғанда нені ескеру керек?

    Телефонның заңды екенін тексерудің бірнеше қарапайым және тиімді жолы бар, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық порталы.

    Бірінші, IMEI нөмірін тексеру маңызды. Телефонның IMEI (International Mobile Equipment Identity) нөмірін білу керек. IMEI-ді тексеру үшін: телефонда *#06# терсеңіз немесе құрылғының баптауларынан табасыз. Бұл нөмірді арнайы сайттарда (мысалы, ҚР ҰҚК-нің ресми немесе операторлардың сайтында) тексеруге болады.  Егер IMEI қара тізімде болса (ұрланған немесе заңсыз), телефонды қолдану мүмкін емес.

    Ал екіншіден, ҚР Қаржы министрлігінің «Мобильді құрылғыларды тіркеу» қызметін айтуға болады. Қазақстанда 2023 жылдан бастап барлық импортталған телефондар арнайы тіркеледі. Қаржы министрлігінің сайтында немесе операторлардың ресми бетінде IMEI арқылы телефонның заңды тіркелгенін тексеруге болады.

    Үшіншіден телефон құдаттарын сұрау керек. Телефонды сатып аларда чек, кепілдік картасын және түпнұсқа құжаттарын талап ету маңызды,

    Смартфонның параметрлерін тексеру де артықтық етпейді. Телефондағы бағдарламалық жасақтаманы, бренд пен моделін ресми сайтпен салыстыру керек. Қалпына келтіру параметрлері, интерфейс пен сыртқы түрі шынайы брендпен сәйкес болуы керек.

    Кейбір ұялы операторларда IMEI тексеру қызметі бар. Оператор қызметкеріне хабарласып, сұрауға болады

    Егер телефон заңсыз болса, ол блокталып, қызмет көрсетуден шығарылуы мүмкін. Сондықтан сатып аларда мұқият болу керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →