Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    622 клиника тексеріліп жатыр: Балаларға наркоз қолдану талаптары күшейтілді

    622 клиника тексеріліп жатыр: Балаларға наркоз қолдану талаптары күшейтілді

    Фото: Pixabay

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларды жалпы анестезиямен емдеуге қатысты өз ұстанымын жариялады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Министрдің айтуынша, наркозбен жасалатын кез келген стоматологиялық ем — тек нақты медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ғана қолданылуы тиіс күрделі процедура. Сондықтан мұндай манипуляцияны орындайтын барлық клиникаларда тиісті құрал-жабдық, кәсіби анестезиолог және реанимациялық көмек стандарттары міндетті түрде сақталуы қажет.

    – Балаларды жалпы анестезиямен емдеу – “қолайлы нұсқа” емес, жоғары жауапкершілік пен сақтық талап ететін күрделі медициналық араласу. Клиника түріне қарамастан, мұндай емдеуге білікті маман мен толық техникалық қамтамасыз ету қажет, – деді министр.

    Бас прокуратураның тапсырмасымен қазір ел бойынша 622 стоматологиялық ұйымға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.

    Әлназарованың сөзінше, кей жекеменшік клиникалар ата-аналарға «бір сеанста барлық тісті емдеп береміз» деген коммерциялық тиімді ұсыныс жасайды. Алайда ұзақ уақыт наркозда болу немесе бір мезетте көп тіс емдеу балалардың жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесіне қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

    – Мұндай тәсіл тек нақты диагнозбен расталған, шынайы медициналық қажеттілік болған жағдайда ғана орынды, – деп түйіндеді министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →