Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді •

    Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді

    Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді

    Фото: Pixabay

    АҚШ-тың Вашингтон қаласында бүгін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне арналған жеребе рәсімі өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазіргі таңда додаға қатысатын 42 ұлттық құраманың есімі белгілі, ал іріктеу аяқталғаннан кейін тағы алты команда тізімге қосылады. 2026 жылғы мундиаль Канада, АҚШ және Мексиканың бірлескен ұйымдастыруымен өтпек. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде мәресіне жетеді. Жеребе алдында командалар төрт себетке бөлініп орналастырылған.

    Бірінші себетке Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланды, Бельгия және Германия кірген.

    Екінші себетте Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Австрия және Австралия бар.

    Үшінші себетке Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Катар, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Африка енгізілген.

    Төртінші себетте Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити және Жаңа Зеландия орналастырылған.

    Жеребе нәтижесінде барлығы 12 топ жасақталады. Әр топқа төрт командадан түседі, ал топтық кезеңнен үздік екі құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →