Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті •

    Бүйрегі мен тамағын пышақтаған: Шымкентте 26 жастағы келіншекті 11 сынып оқушысы айуандықпен өлтірген

    Бүйрегі мен тамағын пышақтаған: Шымкентте 26 жастағы келіншекті 11 сынып оқушысы айуандықпен өлтірген

     

    Фото: Ашық дереккөзден

    Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны айуандықпен өлтірген 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Соттың қаулысы бойынша 11-сынып оқушысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today порталы. 

    Қанды оқиға биыл шілде айында болған. Тергеу дерегінше, жасөспірім Шымкентке келген күні Telegram-дағы «Шымкент жұмыс» чатына «Үй тазалайтын қыз керек» деген хабарлама қалдырады. Сол хабарландыруды көрген Диана Оңғарбаева күнкөріс үшін пәтер тазалауға келісіп, көрсетілген мекенжайға барған.

    Тазалық жұмыстарын аяқтаған соң, Диана 15 мың теңге еңбекақысын сұрағанда, жасөспірім «Анам береді» деп алдаусыратып, төлеуден жалтарған. Сол сәтте ол ас үйден ағаш сабы бар пышақты алып, әйелге кенеттен шабуыл жасаған.

    Прокурордың мәліметінше, жасөспірім Диананың мойын тұсына бірнеше рет пышақ салған, жәбірленуші жерге құлағаннан кейін де шабуылды тоқтатпай, бүйрек тұсына тағы соққы жасаған. Ауыр жарақат салдарынан 26 жастағы келіншек оқиға орнында көз жұмды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →