Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды

    Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды

    Фото: kaztag

    Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты автожолының 4-шақырымында болған. Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today.

    Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде шетелдік туристер отырған.

    — Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады департаменттен.

    Полиция жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →