Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    «Дала Қырандары» ұйымының SAQ жасағы Aura Farma дәріханасынан прегабалиннің заңсыз сатылуын анықтады

    «Дала Қырандары» ұйымының SAQ жасағы Aura Farma дәріханасынан прегабалиннің заңсыз сатылуын анықтады

    Фото: «Дала қырандары»

    21 қарашада «Дала Қырандары» жастар қозғалысына қарасты SAQ жасағы Байтурсынұлы көшесі, 23/2 мекенжайында орналасқан Aura Farma дәріханасында рейд жүргізді. Бұған дейін дәл осы жерден кырандарға прегабалин препараты екі рет рецептсіз сатылған. Қырандар видеодәлелдермен дәріханаға қайта келген кезде фармацевт препаратты рецептсіз сатқанын мойындамады.

    Оқиға орнына полиция шақырылды. Құқық қорғау қызметкерлері фармацевттен түсініктеме алып, таблеткаларды сараптамаға тәркіледі әрі видеоайғақтарды ресми дәлел ретінде қабылдады. Полицейлердің айтуынша, сараптама нәтижесінен кейін іс сотқа жіберіледі.

    Соған қарамастан фармацевт өз әрекетін жоққа шығарып отыр. Кырандардың айтуынша, дәл сол қызметкер бұған дейін препаратты рецептсіз сатқан соң, оны қымбат бағамен өткізген.

    Бұл неге маңызды?

    Прегабалин – дұрыс пайдаланылмаған жағдайда тәуелділікті жылдам қалыптастыратын, эйфория, ес бұзылуы, мінез-құлықтың күрт өзгеруі сияқты қауіпті әсерлер туғызатын күшті препарат. Оны мақсатынан тыс қолдану көбейген сайын, препараттың заңсыз сатылуы үлкен қауіпке айналып келеді.

    Рецептсіз дәрі-дәрмек сату – болмашы құқықбұзу емес. Бұл жасөспірімдер мен жастар денсаулығына қауіп төндіретін көлеңкелі нарықтың қалыптасуына жол ашады. Заң бәріне ортақ, ал қауіпсіздік мәселесі – біздің басты принципіміз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →