Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты •

    Сотқа жеткізбей келісу: Алматыда медиацияның тиімді тұстары айтылды

    Сотқа жеткізбей келісу: Алматыда медиацияның тиімді тұстары айтылды

    Алматыда «Заң мен тәртіп: медиацияның қоғамдағы маңызы» атты ауқымды конференция өтті. Жиынның басты мақсаты – азаматтар арасындағы дауды сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру.

    Бұл шара – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асқан арнайы жобаның қорытынды кезеңі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қоғамда медиация институтын дамыту қазіргі таңда өте өзекті.

    Медиация – уақыт пен қаражатты үнемдеу

     

    Жоба аясында бірнеше ай бойы халықтың құқықтық сауатын ашуға бағытталған іс-шаралар легі жүргізілді. Негізгі міндет – қарапайым тұрғындарға кез келген жанжалды өзара келісім арқылы шешудің артықшылықтарын түсіндіру болды.

    Мамандардың сөзінше, медиация жүйесі сот жүктемесін азайтып қана қоймай, ағайын-туыс немесе серіктестер арасындағы сыйластықты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

    Қоғам мен билік бір арнада

     

    Басқосуға қалалық прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, мемлекеттік қызметкерлер және қоғам белсенділері қатысты.

    Жиын барысында қатысушылар «Медиация институтын дәріптеу» жобасының нәтижелерін талқылап, құқықтық мәдениетті одан әрі нығайту тетіктеріне тоқталды. Сондай-ақ, түрлі сала мамандары өзара тәжірибе алмасып, сұрақ-жауап форматында пікірлесті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →