Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Ақтөбе облысында күйік алған теміржолшы қайтыс болды • Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты •

    «Жұлдыз бәрін үйреніп қойған әйел»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді

    «Жұлдыз бәрін үйреніп қойған әйел»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді

    Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova

    Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова немерелері жайлы айтылатын қауесетті ңүктесін қойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жақында продюсердің екі келіні де сәби дүниеге әкелді. Бірінші болып Жұлдыз Әбдукәрімова қыз бала дүниеге әкелсе, екінші Заңғар Нұртастың әйелі Индира ұл бала босанды.

    Желі қолданушылары продюсердің немерелерін бөліп-жаратынын айтып, оны сынға алды.

    “Қызық, Жұлдыз босанғанда құттықтамадың, осы жолы қасында жүр”, “Той тойлап, жұрттың шашбауын көтергенше, өз шашбауыңызды көтеріп бармайсыз ба? Өкпе өкпесімен, баланың не жазығы бар?”, “Келініңізді құттықтап бармайсыз ба, сіздің ұрпағыңызды жалғастырып отыр емес пе?”, – деп жазған олар.

    Продюсердің өзі кенже келінінің алғаш рет ана атанып отырғанын, тәжірибесі жоқ екенін айтады.

    “Қазір бәрі салыстырып жатыр. Заңғар мен Индира алғаш рет ата-ана болды, ал Қайрат пен Жұлдыздың бесінші перзенті. Индира не дегенімен жаңа түскен келін, бірінші бала өзгеше болады. Ал Жұлдыз бәрін үйреніп қойған әйел”, – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →