Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

    Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

    Фото: gov.kz

    Президентінің бұрынғы кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалған. Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі растады.

    Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады.

    2020 жылғы қаңтар айынан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментерінің директор орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.

    2021 жылғы қаңтар айынан бастап 2022 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты болды.

    2022 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.

    2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →