Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Ұлынан айырылған қарағандылық тұрғынға өтемақы төленетін болды

    Ұлынан айырылған қарағандылық тұрғынға өтемақы төленетін болды

    Фото: ihospital.ru

    Қарағандыда ұлынан айырылған әйел үш медициналық мекемеден 5 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарт порталы.

    2023 жылдың наурызында әйел 16 жастағы ұлын балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді. Жасөспірім 10 күн бойы дене қызуы көтерілгеніне шағымданған. Ауруханаға жатқызу қажет екені айтылған, бірақ анасы бұған бас тартқан.

    Жоғары соттың хабарлауынша, әйелге ауруханаға жатқызу қажеттілігі дұрыс түсіндірілмеген. Кейін жасөспірім қатерлі ісікке шалдыққан болуы мүмкін деген күдікпен стационарға жатқызылады.

    «Алайда аурухана басшылығы мен денсаулық сақтау басқармасы оған республикалық орталықтардың мамандарын тартып, шұғыл консультация алу және науқасты бейінді мекемеге ауыстыру мүмкіндігі туралы уақытында хабарламаған», – делінген ақпаратта.

    Бала медициналық көмекке алғаш жүгінгеннен кейін 1 ай өткенде республикалық медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

    Анасы моральдық шығынды өндіру үшін сотқа жүгініп, жеңіп шықты.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →