Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады

    «Банк жабылса халық зардап шегеді, ал «таңдаулыларды» мемлекет құтқарады» — Айдос Сарым жаңа заң жобасын сынға алды

    «Банк жабылса халық зардап шегеді, ал «таңдаулыларды» мемлекет құтқарады» — Айдос Сарым жаңа заң жобасын сынға алды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Оның сөзінше, мұндай құпия тізім елдегі әділ бәсекеге де, халық сеніміне де соққы береді.Мәжіліс депутаты Айдос Сарым халықтың ақшасына тікелей қатысы бар маңызды мәселені көтерді.

    Жаңа заң жобасына сәйкес, Ұлттық банк кейбір қаржы ұйымдарына «системалық маңызы бар банк» мәртебесін береді. Бірақ бұл тізім жарияланбайды, яғни халық қай банктің “таңдаулы”, ал қайсысының құлау қаупі барын білмейді. 

    — «Бұл ашықтық емес. Егер дағдарыс болса, мемлекет тек таңдаулы банктерді ғана құтқарады. Ал басқа банктердегі халықтың ақшасы не болады? Бұл әділетсіздік қой!» — деді Сарым.

    Оның сөзінше, мұндай құпия тізім елдегі әділ бәсекеге де, халық сеніміне де соққы береді.

    — «Қазақстанда бәрі бәрін біледі. Ерте ме, кеш пе нарық кімнің “ерекше” екенін түсінеді. Сонда халықтың да, бизнес пен депозит иелерінің де ақшасы сол банктерге кетеді. Бұл — әділдік емес», — деді депутат.

    Қаржы реттеушісі болса, мұндай банктерге қосымша талаптар қойылатынын алға тартты. Бірақ басты ерекшелік — дағдарыс кезінде мемлекет тек сол “ерекше” банктерді ғана қолдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →