Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті Apple 9 қыркүйекте жаңа iPhone-дарды таныстырады Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

    Қазақстан футбол федерациясы «Jankuier» цифрлық қосымшасын іске қосты

    Қазақстан футбол федерациясы «Jankuier» цифрлық қосымшасын іске қосты

    Бұл қадам ҚФФ-ның цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Jankuier» қосымшасы жанкүйерлердің ойынды тамашалау деңгейін арттыруға, ыңғайлы сервистер ұсынуға және федерациямен байланыс орнатуды жеңілдетуге бағытталған.

    Қосымшаның белсенді жанкүйеріне ҚФФ мен серіктестер тарапынан кэшбэк және эксклюзивті сыйлықтар жүйесі қарастырылған, бонустар мен марапаттарға ие болады.

    – Платформа қазақстандық футбол экожүйесінің кәсіби клубтар мен ұлттық құрамалардан бастап балалар-жасөспірімдер академиялары мен бұқаралық футболға дейінгі барлық деңгейді қамтиды. Платформа қолданушыларының жаңалықтар оқуға, турнир кестесін және ойын нәтижелерін бақылауға, билеттер сатып алуға, ресми атрибутика мен тауарларға тапсырыс беруге, футбол алаңдарын жалға алуға және академияларға жазылу мүмкіндігі бар, – делінген ресми хабарламада.

    Онда бірнеше негізгі бөлім бар.

    Олар:

    • Басты бетте – жаңалықтар, турнир кестесі, ойындар кестесі және басты оқиғалар;
    • Билеттер бөлімінде – ұлттық құрамалар мен ел біріншілігінің матчтарына электронды билет сатып алу және сақтау мүмкіндігі;
    • Қызметтер бөлімінде – футбол алаңдарын жалға алу, академияларға жазылу және ресми өнімдерге тапсырыс беру;
    • Жаңалықтар бөлімінде – клубтар мен ұлттық құрамаларға қатысты жедел және ресми ақпарат;
    • Профиль қызметінде жеке деректер, белсенділік тарихы және бонустық жүйе болады.

    «Jankuier» қазақ және орыс тілдеріне, ал интерфейс iOS және Android құрылғыларына бейімделген.

    Қосымшаның іске қосылуы – ҚФФ-ның футболды басқару және коммуникация жүйесін цифрландыруға бағытталған кешенді бағдарламасының бір бөлігі. Жаңа цифрлық орта футбол инфрақұрылымын дамытуға, жанкүйерлермен және өңірлік федерациялармен байланысты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік бермек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →