Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    «Доспехи Бога»: Қазақстандық режиссер Джеки Чанның киносына жетекшілік етпек (ВИДЕО)

    «Доспехи Бога»: Қазақстандық режиссер Джеки Чанның киносына жетекшілік етпек (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Аңызға айналған Джеки Чан басты рөлде ойнайтын жаңа «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Медиакомпания Salem Entertainment-тің Instagram парақшасында жазылғандай, Джеки Чан режиссерді, каскадер мен экшен-сахна қоюшыны өзі таңдаған. Таңдау қазақстандық режиссер Роберт Кунға түсті.

    Роберт Кун — Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox сияқты ірі студиялармен жұмыс істеген танымал қазақстандық кинематографист. Ол «Майор Гром: Игра», «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» секілді фильмдердің экшен-сахналарын қойған.

    Айта кетейік, Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталмақ. Бұл – әйгілі франшизаның жаңа тынысы болуы мүмкін.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Sәlem Entertainment (@salem.entertainment)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →