Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Алихан Смаилов студенттер жатақханасындағы орын тапшылығын шешуді тапсырды Инсультке кім жауап береді?: Қазнет Ақтөбе облысындағы жылқышының босатылуына реакция білдірді Қазақстандық балуан Ағабек 48 келіде әлем чемпионы атанды Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу: ІІМ ресми мәлімдеме жасады Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды

    «Қызыл-Жар» футбол клубына айыппұл салынды

    «Қызыл-Жар» футбол клубына айыппұл салынды

    Фото: kz.kursiv.media

    Қазақстан футбол федерациясы тергеуге көмектесуден бас тартқан «Қызыл-Жар» футбол клубын жазалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тергеу шілде айында Түркістанда «Қызыл-Жар» мен «Тұран» командалары арасында өткен ойынға байланысты жүріп жатыр. Бұл матч алдын ала келісіп қойылған ойын болуы мүмкін деген күдік бар.

    Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтіп, «Тұран» клубымен өткен матчқа байланысты қызметтік тергеу ісіне көмектесуден бас тартып, кедергі келтіргені үшін «Қызыл-Жар» футбол клубына жаза қолданылды. Яғни, клубқа 100 АЕК, яғни 393 200 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл соманы 2025 жылдың 7 қарашасына дейін төлеу қажет.

    Сондай-ақ клуб ҚФФ-ның Қауіпсіздік және интегрити қызметіне ойыншылардан, менеджерден, бапкерлік штабтан және матчқа қатысы бар өзге тұлғалардан сұрақ-жауап алуға көмектесуге міндетті.

    Ал «Қызыл-Жар» футбол клубы ҚФФ шешімін орындамаған жағдайда қатаң шара қолданылады.

    Оның ішінде ұпайлары алынып, клуб төменгі дивизионға түсіріледі. Ойыншылар мен ресми тұлғаларға футбол саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →