Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты •

    Талдықорғанда көпқабатты үйдің жертөлесі нәжіске толып, тұрғындар жылусыз қалды

    Талдықорғанда көпқабатты үйдің жертөлесі нәжіске толып, тұрғындар жылусыз қалды

    Фото: видеодан скрин

    Талдықорғандағы «Құлагер» ықшамауданындағы 10-шы үйдің тұрғындары екі күннен бері жылу мен ыстық сусыз отыр. Себебі, жертөледегі кәріз жүйесі істен шығып, үйдің астын лас су басқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тұрғындардың айтуынша, апатты қызмет өкілдері келгенімен, «жертөледе нәжіс иісі мен лас су бар» деп ішке кіруден бас тартқан. Соның салдарынан үйге жылу мен ыстық су берілуі тоқтаған.

    «Бүгін таңертеңнен бері не жылу жоқ, не ыстық су жоқ. Авариялық қызмет келді, бірақ жертөлеміз лас болған соң ешкім кіргісі келмейді. Енді біз суық пәтерде, сусыз қалдық», – дейді тұрғындардың бірі.

    Қазір үй тұрғындары жергілікті әкімдік пен коммуналдық қызметтен нақты әрекет күтуде. Ал әзірге 9-ықшамаудандағы бұл мәселе шешілмей тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →