Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Қайраттың» Чемпиондар Лигасында қанша табыс тапқаны белгілі болды

    «Қайраттың» Чемпиондар Лигасында қанша табыс тапқаны белгілі болды

    Фото: ФК «Қайрат»

    Алматылық ұжым Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіне шыққаны үшін клуб тарихындағы рекордтық табысқа жетіп отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі әрбір жеңіс клубтарға 2,1 млн еуро, тең нәтиже – 700 мың еуро, ал негізгі раундқа қатысу командаларға 15,64 млн еуро көлемінде базалық бонусқа кепілдік береді.

    Екі турдан кейін көш басында – ПСЖ (67.89 млн еуро). Олар «Барселонаны» жеңіп, ең көп ұпай жинады. Қаржылық көрсеткіштер бойынша алғашқы ондықта Еуропаның топ-5 лигасының клубтары: «Манчестер Сити» (65.9 млн.еуро), «Бавария» (64.84 млн еуро), «Интер» (55.77 млн еуро), «Реал Мадрид» (64.25 млн еуро), «Ливерпуль» (63.23 млн еуро) және басқалар.

    Алматының «Қайраты» жалпы кезеңде дебют жасап, турнирді сәтсіз бастаса да, қаржылай тұрғыдан табыс қазірдің өзінде клуб үшін рекордтық сома болып отыр. Қазақстандық клубтың ең төменгі табысы 20,25 млн еуро, оның шамамен 17 млн еуросы турнир басталардан бір апта бұрын УЕФА тарапынан базалық төлем ретінде клуб шотына түсті.

    «Қайрат» топтық кезеңде әзірге жеңіске жеткен жоқ. Сондықтан 2 турдан кейін қосымша бонус алмады. Бірақ, алдағы ойындарда жеңіс не тең нәтиже болса, табыс көбейеді.

    Әзербайжанның «Карабах» клубы екі жеңіс үшін 4,2 млн еуро еншілеп, жалпы кестеде 32-орында тұр.

    Биыл Чемпиондар лигасы-2025/26 клубтарға тарихтағы ең ірі көлемде сыйақы беріп отыр. Нақтырақ айтсақ жалпы сома 2,4 млрд еуродан асады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →