Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Степногорск қоқысқа көмілген қала: Сұмдыққа әкімдік көз жұма қарап отыр

    Степногорск қоқысқа көмілген қала: Сұмдыққа әкімдік көз жұма қарап отыр
    Фото: видеодан скрин

    Степногорсктің шетіндегі орман – енді табиғат емес, қоқыс қоймасы. Матрас, бөтелке, пластик, сынған мебель, құрылыс қалдықтары – бәрі осында. Айнала қураған шөп, иіс, шыбын-шіркей. Қала ішінде емес, иә — тура осында адамдардың өмір сүріп жүргені ұят, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тұрғындар айлап шағым жазып келеді. Полицияға, әкімдікке, прокуратураға – бәріне. Бірақ нәтиже жоқ. Полицияның жауабы дайын шаблон сияқты: «Иесін анықтап жатырмыз, шара қолданылады». Ал әкімдік болса, үнсіз. Қайта-қайта уәде береді, бірақ бір техника шыққан жоқ.

    Белсенді Алексей Сочнев прокуратураға дейін арыз түсірді. Бірақ прокуратура да “жауапты орган – полиция” деп, істі сол баяғы жерге қайтарыпты. Бір сөзбен айтқанда, бір кабинеттен екіншісіне қағаз тасу — нәтиже нөл.

    Қазір бұл тек бір адамның мәселесі емес. Бұл – биліктің шынайы беті. “Таза қала”, “экология” деп есеп береді, бірақ шын өмірде табиғат тоналып жатыр. Теплотрасса бойындағы ағаштардың түбінде бөтелке емес, жүйенің бейберекеттігі жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →