Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Алматыда жыныстық қызмет көрсететін БДСМ-студия табылды

    Алматыда жыныстық қызмет көрсететін БДСМ-студия табылды
    Фото: Алматы қаласы ПД

    Алматыда жыныстық сипатта қызмет көрсетілетін БДСМ-студия табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алматы қаласында Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп тұрған БДСМ-студияны әшкереледі.

    Ғимаратта жыныстық сипаттағы интимдік қызметтер көрсетілген. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.

    «Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолын кесу жұмысы жүргізілетін болады. Біздің міндетіміз – қоғамдық моральды қорғау және осы саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу», – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →