Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Qazsport арнасы матч трансляциясы кезіндегі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады

    Qazsport арнасы матч трансляциясы кезіндегі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады
    Фото: Іnstagram.com/qazsport_official

    Qazsport арнасы эфир кезіндегі ақауларға интернет желісіндегі сыртқы қиындықтар себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қазақстандық күні кеше өткен “Қайрат” — “Реал Мадрид” матчының эфирдегі сапасын шағымданды.

    “Құрметті көрермен! “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчының трансляциясы барысында техникалық ақаулар туындап, көрерменге ойынның онлайн көрсетілімін толық көрсете алмадық. Корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізді. Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда матч басталған сәтте туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіре алмадық. Қазір мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізіліп жатыр. Туындаған қолайсыздықтар үшін көрерменнен кешірім сұраймыз”, – деп жазды корпорация.

    Ел еліміздің жасанды интеллект және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі транляция кезіндегі ақауды қолданушылардың көптігімен байланыстырды.

    “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчының онлайн трансляциясы кезінде “Қазақстан” ТРК платформасында пайдаланушылардың көп болуына байланысты ақау шықты. Уақытша qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, сондай-ақ BeeTV, TV+ және басқа да қосымшалар эфирді көрсетпей қалды”, – деп хабарлады ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →