Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Жеңбесе де, сыйлаңызшы»: Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасады

    «Жеңбесе де, сыйлаңызшы»: Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасады
    Фото: коллаж Sn.kz

    Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке үндеу жасап, ой тастады.

    Айта кетейік, кәсіпкер Алагөзов «Қайрат» футболшыларына «Реалды» жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынына уәде берген еді.

    “Тұрсен ағай! Қайратымыз бізге жеңіс сыйламаса да көліктеріңізді сыйға бере беріңізші! Олар қолдан келгенше, бар күш жігерін жұмсады! Шын тырысты! Бір қуанып қалсыншы”, – деп жазды әнші.

    Одан кейін стадионда тыныш отырған жанкүйерлердің іс-әрекетін сынады.

    “Түнімен бір сұрақ мазалады: Неге стадион тыныш, үнсіз отырды? Әлі жанкүйер болуды білмейтін болып тұрмыз ғой. Қоңыр киім киіп, телефонға түсіруді қатырдық. Бірең-сараң ғана сары түс болды. Ту туралы айтпай ақ та қояйық. Біз ұтылдық. Бұл – біздің айна. Қай деңгейдеміз, қай жаққа өсу керек екеніміздің көрсеткіші. 1902 жылдан бергі Реалдың кәсібилігіне төтеп берген жап жас “Қайрат” мықты! Болашақ жарқын! Боранбаев Қайрат Советайұлына алғыс!”, – деп жазды өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →