Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 5 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Майра Мұхамедқызы «Қазақты мойындата алмағаныма өкінемін» деді Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты Майра Мұхамедқызы «Қазақты мойындата алмағаныма өкінемін» деді Қазақстан оқушылары физика олимпиадасында тарихи рекорд орнатты Баян Алагөзова жиенінің сайлауға түсуіне қатысы жоғын мәлімдеді «Ол менің ақшама алынған үй»: малшының жұмыс берушісі сұхбатта не деді? Асаба Сабыржан Түзелбаевтың «өртің көп болсын» дегені желіде сынға ұшырады Тоқаев Халық қаһарманы Иван Гапичтің отбасына көңіл айтты

    Қазақстандықтарға электромобиль әкелудегі жеңілдіктің аяқталатыны ескертілді

    Қазақстандықтарға электромобиль әкелудегі жеңілдіктің аяқталатыны ескертілді
    Фото: Максим Морозов

    Қазақстанда электромобильдерді кедендік төлемсіз әкелуге берілген квота аяқталуға жақын. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, белгіленген 15 мың автокөліктің 13 мыңнан астамы елге жеткізілген. Бұл жалпы лимиттің 87 пайызынан асады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Осылайша, қазір қолданыстағы тарифтік жеңілдікпен елге әкелуге болатын электромобиль саны 1 900-ден аз қалды. Ведомство электрокар алуды жоспарлаған азаматтарға осы жағдайды ескеріп, жеңілдікке үлгеруді ұсынады.

    Ережелер қалай өзгереді?

    2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

    • Электромобиль әкелген жеке тұлғалар қосылған құн салығын (ҚҚС) 16% көлемінде төлеуге міндетті болады.

    • Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) нормаларына сәйкес, кедендік баж салығы нөлдік мөлшерлемеде қалады.

    • Автокөліктер тек жеке пайдалану үшін ғана әкелінеді. Оларды Қазақстаннан тыс жерлерге қайта сату қатаң тыйым салынған күйінде қалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →