Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Степногорск комбинатының «Росатомға» сатылуы: мәміленің егжей-тегжейі айтылды

    [ad_1]

    Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялары одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов «РосАтом» бірінші кезекте «Буденовское» БК-ның  49% үлесіне иелік ететін «Степногорск тау-кен-химия комбинатының» (СГХК) 100% үлесін сатып алғанын (Буденовское кен орнының №6 және 7 учаскелері) айтты.

    Степногорск тау-кен-химия комбинатының бұрынғы иелері:

    Яков Клебанов (GANBERG UK LTD арқылы 60%);

    Василий Анисимов (GEXIOR UK Ltd арқылы 40%) – хорватиялық/ ресейлік миллиардер (Алматының тумасы).

    Жұмағұлов мәміле 2022 жылдың желтоқсанында жасалған болуы ықтимал деп болжайды, өйткені 08.12.2022 жылдан бастап «Буденовское» БК жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшартына өзгерістер енгізілген.

    «Буденовское» БК-дағы 49% үлесті қоса алғанда, комбинаттың 100% үлесін және салық төлемдерін сатып алу бойынша барлық мәміле 1,6 млрд долларды құраған.

    СОндай-ақ, Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының директоры Анисимовтың осы мәміледегі белсенділігін атап өтті –  ол Буденов кен орнының учаскелерінде уранды барлау бойынша Қазатомөнеркәсіптің серіктестері қатарына алғашқылардың бірі болып кірді.

    Буденовское кен орны 7 учаскеге бөлінді:

    №2 — «Қаратау»ЖШС;

    №1,3,4 — «Ақбастау»БК АҚ;

    № 6 және 7 – «Буденовское» БК%

    №5 – Энергетика министрлігінің балансында.

    21 ғасырдың басында Анисимов Қаратауға (50%) және Ақбастауға (25%) инвестиция салды. Кейінірек 2009 жылы келісімшарттар барлаудан өндіруге ауысқаннан кейін ол Қаратау мен Ақбастаудағы үлестерін «Uranium One Group»-қа сатты.

    Жұмағұлов 2012 жылы Анисимов Клебановпен бірге Степногорск тау-кен-химия комбинатының  100% үлесін алатынын атап өтті.

    «Неліктен Қазатомөнеркәсіп өзінің басым құқығын пайдаланбады немесе №6 және 7 учаскелерді өз бетінше зерттемеді – риторикалық мәселе. Кез келген жағдайда ҚАӨ үшін «Буденовское»БК-да 51% қалады. Уран бизнесінде бастысы – өндірілген шикізатты алу емес, оны сәтті сату. Енді №5 учаскенің тағдырын бақылау қызық болмақ  – Анисимов Қазатомөнеркәсіптің серіктестеріне кіре ме екен?»,- дейді Жұмағұлов.

    Мәміле туралы ақпарат «Қазатомөнеркәсіптің» 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігінен ғана белгілі болды.

    Мұндай жағдайда сұрақ туындайды: Неге «Қазатомөнеркәсіптің» акционерлері мұндай мәмілелер туралы ресейлік БАҚ-тан немесе жылдық есептіліктен біледі?

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →