Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Астанада адам өліп, үш баланың анасы аяғынан айырылды: құрылыс қауіпсіздігін кім бақылап отыр? Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы

    Мәжіліс заң қабылдады: грант қайтарылмайды, балабақша жерін сатқызбайды, фонограммаға тыйым салынды

    Мәжіліс заң қабылдады: грант қайтарылмайды, балабақша жерін сатқызбайды, фонограммаға тыйым салынды

    Фото: Pixabay

    Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларын қамтитын жаңа заң жобасын мақұлдады. Құжат қоғамға тікелей әсер ететін бірқатар өзгерістерді қарастырады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Білім беру саласы. Енді халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған ұстаздарға біржолғы төлемдер беріледі. Мүгедек баласы бар немесе І топтағы мүгедекке күтім жасайтын түлектер мемлекеттік грантты өтеуден босатылады. Ал шетелдік резидентура, магистратура, аспирантура, докторантурада оқығандарға өтеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жер телімдерін жекешелендіруге тыйым салынады. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждерді рейтингтік көрсеткіштер бойынша саралау жүйесі енгізілмек.

    Мәдениет пен ономастика. Мемлекеттік кітапханаларға ағартушылық іс-шара өткізу құқығы беріліп, мәдени-бұқаралық шараларда фонограмма қолдану тәртібі қатаңдатылды. Жеке білім беру ұйымдарының атауын ономастикалық комиссия арқылы бекіту талабы енгізілді.

    Отбасы саласы. Баланы асырап алуда және қамқоршылықта туыстарына басымдық беріледі. Қамқоршы бола алатын тұлғалардың тізімі кеңейтіліп, олардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру міндеттелді. Балаларға арналған ұйымдарға мемлекеттік бақылау ерекше тәртіппен жүргізілетін болды.

    Депутаттар жобаны қарау барысында 98 түзетуді қабылдап, 13 ұсынысты қолдамады. Заң жобасы толық мақұлданғаннан кейін Сенат қарауына жіберіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →