Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Ақтөбедегі апатты жол: Әкімдік халықаралық трассаның сапасын қашан оңдайды? Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Жеті жылда ТКХБ арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есеге өсті «Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір Каспий апат алдында ма? Маңғыстау жағалауында белгісіз майлы дақ пайда болды Ақтөбедегі апатты жол: Әкімдік халықаралық трассаның сапасын қашан оңдайды?

    500 теңгеге көліктің бүкіл тарихын ашатын жаңа сервис іске қосылды

    500 теңгеге көліктің бүкіл тарихын ашатын жаңа сервис іске қосылды

    Фото: topvykup.com.ua

    Қазақстанда енді көліктің «құпиясын» ашу оңай. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ХҚКО мобильді қосымшасына «Авто тарихы» атты жаңа қызмет қосты. Енді кез келген азамат көліктің VIN-кодын енгізу арқылы мынадай деректерді көре алады: тіркеу тарихы, арест пен кепілдің бар-жоғы, айыппұлдар, кедендік рәсімдеу, утилизациялық алым, техникалық паспорттар.

    Қызмет ақылы: бір тексеру – 500 теңге. Жиі пайдаланатындар үшін топтамалар да бар: 10 тексеру – 4 500 теңге, 20 тексеру – 8 000 теңге.

    Бұл жүйе мемлекеттік дерекқорлар негізінде нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Яғни алаяқтарға алданып қалмау үшін көлік сатып алар алдында «Авто тарихын» ашып көру жеткілікті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →