Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді Президент Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді Президент Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек

    Өскеменде тұрғын үйлердің жанына заңсыз асфальт зауыты салынған

    Өскеменде тұрғын үйлердің жанына заңсыз асфальт зауыты салынған

    Фото: видеодан скрин

    Шығыс Қазақстандағы Новоявленка кентінде тұрғын үйлердің дәл жанынан асфальтобетон зауыты салынған. Жергілікті халық түтін мен иістен тұншығып отырғанын айтады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Әкімдік зауыт құрылысына ешқандай рұқсат берілмегенін мәлімдеді. Құжаттарсыз тұрғызылған нысан бойынша материалдар қадағалаушы органдарға жолданды. Қазір «VK Development» ЖШС-не қатысты экологиялық тексеріс жүріп жатыр. Ол 10 күнге созылады. Компанияға 700 АЕК-ке дейін (шамамен 24 млн теңге) айыппұл салынып, жұмысы үш жылға дейін тоқтатылуы мүмкін.

    Сонымен қатар, бұл аумақта екі бірдей фирманың жұмыс істейтіні анықталды. Екеуі де жоспардан тыс тексеріске ілікті. Алғашқы айыппұл көлемі – шамамен 2,7 млн теңге. Желі қолданушылары «мұндай зауытты билік білмей қалуы мүмкін емес» деп наразылық білдіруде. Кейбірі жергілікті әкімдікті «көз жұма қарады» деп айыптап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →