Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді •

    Еркін күрестен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы екі медальмен аяқтады

    Еркін күрестен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы екі медальмен аяқтады

    Фото: ҰОК

    Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қазақстандық балуандар финалға шыға алмады. Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) алтынға бір қадам жетпей қалды.

    Ол жартылай финалда моңғолиялық Тулга Тумур Очирға есе жіберді. Алайда Нұрқожа үшінші орын үшін өткен белдесуде молдовалық Василий Дьяконды жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

    Тағы бір балуанымыз Асылжан Есенгелді де (61 келіге дейін) үшінші орынды қанағат тұтты. Отандасымыз қола жүлде үшін өткен кездесуде америкалық Джексон Форресті қапы қалдырды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Ал Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →