Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Алматы облысында 20 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО)

    Алматы облысында 20 жастағы жігіттің денесі табылды (ВИДЕО)
    Фото: t.me/kris_p_almaty_official/ видеосының скриншоты

    Жас жігіттің денесін Алматы облысының Бесағаш ауылындағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға орнында түсірілген фото-видеолар әлеуметтік желіде жарияланды. Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте «Аспан сити» тұрғын үй кешенінде болған. Жігіт 12-қабаттың ортақ балконынан секіріп кеткен.

    «Полиция қызметкерлері 8 қыркүйекте Бесағаш ауылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде Алматы қаласының 20 жастағы тұрғынының өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам бұған дейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген деген болжам бар», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

    Тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, деп толықтырды полицейлер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →