Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    СҚО-да полицейлер оқыс оқиғаға ұшырады

    СҚО-да полицейлер оқыс оқиғаға ұшырады
    Фото: Halyqstan Telegram-арна

    Солтүстік Қазақстан облысында екі полицей қызметтік көлікпен кюветке түсіп кетті. Оқиға Көкшетау – Рузаевка республикалық трассасында таңғы сағат 5:55-те болған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Айыртау аудандық патрульдік полициясының қызметкерлері күрделі бұрылыстан өте алмай қалған. Екеуі де жарақат алды. Дәрігерлердің жедел көмегінен кейін бір полицей жеңіл жарақатпен үйіне жіберілді. Ал оның әріптесі ауыр жарақатпен Петропавлға жеткізілді: қол саусақтары сынған, басынан да жарақат алған. Қазір жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, апат кезінде полицейлердің екеуі де сау болған.

    Айта кетейік, бірнеше күн бұрын СҚО-да тағы екі полицей дәл осылай қызмет бабында жол апатынан қаза тапқан еді. Кеше оларды әріптестері мен туыстары соңғы сапарға шығарып салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →