Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО) Колумбиядағы зілзала 132 адамның өмірін қиды: 570 адам жарақат алды Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО) Колумбиядағы зілзала 132 адамның өмірін қиды: 570 адам жарақат алды Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды

    Маңғыстау облысындағы «Caspi Bitum» зауытында өрт шықты

    Маңғыстау облысындағы «Caspi Bitum» зауытында өрт шықты

    Фото: ТЖМ

    2025 жылғы 6 қыркүйек күні сағат 08:05-те «Caspi Bitum» ЖШС-де атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт шықты. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлады.

    Ресми мәліметке қарағанда, өрт ошағы зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесімен 08:32-де толықтай сөндірілген. Оқиға орнына «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС-нің өрт сөндіру бөлімшелері мен ТЖД қалалық өрт қызметі де жұмылдырылды.

    — Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ, — деп жазды ведомстводан.

    Айта кетейік, «Caspi Bitum» зауыты Маңғыстау облысының Құрық кентінде орналасқан. Бұл кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» және қытайлық CNPC бірлескен жобасы ретінде 2013 жылы іске қосылған.

    Еске салайық, Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өрт екі тәуліктен соң толық сөндірілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →