Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Жаңа адамдар Caspian Sea Action Week 2026 халықаралық экология апталығына қатысты «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма?

    Көпбалалы отбасыларға қосымша көмек тоқтатылуы мүмкін

    Көпбалалы отбасыларға қосымша көмек тоқтатылуы мүмкін
    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қосымша әлеуметтік қолдау берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

    Министрдің сөзінше, өзгеріс заңды төлемдерге әсер етпейді. Мәселен, 10 баласы бар отбасы мемлекеттен ай сайын әр балаға 15 мың теңгеден, жалпы 150 мың теңге ала береді. Бірақ қосымша қолдаулар — мерекеге орай берілетін біржолғы төлем, мектепке сөмке мен құрал-жабдық түрінде көрсетілетін көмек — енді берілмейді.

    «Негізгі мақсат — көмекті шынымен мұқтаж адамдарға жеткізу. Егер бір отбасында 2 немесе одан да көп пәтер болса, әрі жан басына шаққандағы табыс айына 200 мың теңгеден асса, онда көпбалалы болса да, қосымша жеңілдіктер алмайды», – деді Жақыпова.

    Бұл өзгеріс әлеуметтік саясаттағы маңызды бетбұрыс ретінде қарастырылып отыр. Себебі мемлекет шын мәнінде жағдайы төмен көпбалалы отбасыларды қолдауды күшейтпек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →