Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Министр «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчының билет бағасына қатысты пікір білдірді

    Министр «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчының билет бағасына қатысты пікір білдірді
    • Коллаж: Kazinform

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлем назарын аударған Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    — Қазір бар назарды чемпиондар лигасының өз алаңымызда өтетін матчқа дайындыққа аударып отырмыз. Алматыдағы стадион УЕФА-ның төртінші санаттағы аренасы, стандарттарға сәйкес келеді, ойынды сонда өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Ербол Мырзабосынов Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

    Министрдің айтуынша, аталған стадионда бұған дейін де жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізілген.

    — Солардың аясында дайын екенімізді, инфрақұрылымның ауқымды іс-шараны өткізуге әзір екенін көрдік. «Реалмен» өтетін матчқа УЕФА квотасына сәйкес шамамен 4–5 мың турист келеді деп жоспарланып отыр, — дейді ол.

    Сондай-ақ ведомство басшысы матч билетінің құнына қатысты ойын ортаға салды.

    — Қазір билет бағасына қатысты нақты ақпарат жоқ, бұл бағытта клуб УЕФА-мен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Барлық ақпарат клубтың ресми сайтында жарияланады. Бұл клуб пен УЕФА арасындағы келісім, мемлекеттің араласуға құқығы жоқ, — деп қысқа қайырды Туризм және спорт министрі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →