Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент •

    «Фигурамды ойласам, бала тумас едім»: Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді

    «Фигурамды ойласам, бала тумас едім»: Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді

    Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

    Танымал әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейін сахнаға шығып, сынға қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарал порталы.

    Өнер иесінің салмақ қосқаны тыңдарман қауымға ұнаған жоқ.

    «Кішкентай ғана Батырым, анасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам, қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар. Сәлден соң 90-60-90 болып аламын. Сөзім – сөз», – деп жазды әнші.

    Эстрада жұлдызы декретте көп отырмайтынын айтып, жақында концертке қатысатынын жариялаған еді.

    “З баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығып жатырмын. Дженнифер Лопес те көзді қыздырып жатыр. Тездетіп концерттерін аяқтап, еліне қайтса екен. Фигураны ойламай, тыныш отырып, ет жегім кеп тұр”, – деп әзілдеді өнер иесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →