Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 30 шілде 2026 $ 476,8 543,3 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті Ақтауда электр қуатының ұзақ үзілуі: тұрғындар наразы Атыраудағы тоғыз қабатты үйдің шатырындағы өрт сөндірілді Қазақстанда ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесушілерді әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Олимпиаданың жаңа үміті: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын алғаш рет жеңіп алды «Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші айналымына өтті Ақтауда электр қуатының ұзақ үзілуі: тұрғындар наразы Атыраудағы тоғыз қабатты үйдің шатырындағы өрт сөндірілді Қазақстанда ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесушілерді әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Олимпиаданың жаңа үміті: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын алғаш рет жеңіп алды

    Елде ақылы жолдарды тегін пайдаланатын көлік түрлері анықталды

    Елде ақылы жолдарды тегін пайдаланатын көлік түрлері анықталды

    Фото: Inbusiness.kz

    «ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, «Автомобиль жолдары туралы» заңға сәйкес, бірқатар көлік құралдары ақылы автожолдардан өту кезінде төлемнен босатылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    1. Қызметтік міндетін атқару барысында жүретін көліктер:

    • Жедел медициналық жәрдем;

    • Авариялық-құтқару қызметтері;

    • Құқық қорғау органдары;

    • Көліктік бақылау органдары;

    • Арнаулы мемлекеттік органдар;

    • ҚР Қарулы Күштері, өзге әскерлер мен әскери құралымдар;

    • Ұлттық оператор және жолды күтіп-ұстауға арналған арнайы техника;

    • Жануарлар дүниесін қорғау органдарының арнайы көліктері.

    2. Қала маңындағы және іргелес елді мекендер қатынасындағы көліктер:

    • Аудан немесе облыс орталығына, астанаға және республикалық маңызы бар қалаларға қатынайтын тұрақты жолаушылар автобустары;

    • Бір аудан шегінде жүретін және сол ауданда тіркелген автобустар;

    • Су тосқауылдары мен теміржол өткелдерін кесіп өтетін жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникалары;

    • Бір аудан шегінде жүретін және сол ауданда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың жеңіл көліктері.

    3. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері.

    Бұл көліктердің мемлекеттік нөмірлері арнайы базаға енгізіліп, ақылы жолдардың бақылау жүйесі төлем алмайды. Жеңілдікті алу үшін тиісті санат иелері «ҚазАвтоЖол» компаниясына ресми өтінім беріп, көлік нөмірін, ал автобустар үшін маршрут парағын ұсынуы қажет.

    Айта кетейік, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ақылы жол учаскелерінде төлем алынбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →