Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Мейрамбек Беспаев 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Мейрамбек Беспаев 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті •

    Шымкентте бір түнде үш әкімшілік ғимараты өртенді

    Шымкентте бір түнде үш әкімшілік ғимараты өртенді

    Фото: Pixabay

    Өрт түнгі сағат 03:00 шамасында Абай ауданы әкімдігі ғимаратының шатырынан шыққан. Бұл кезде ішінде үш күзетші ғана болған. Куәгерлердің айтуынша, шіріген ағаш құлап, электр сымын үзген. Оттың тұтануына осы себеп болуы мүмкін, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жалын жапсарлас тұрған Мемлекеттік істер жөніндегі департамент пен Мемлекеттік басқару академиясына да тараған. Тұрғызылғанына 70 жылдан асқан үш нысанның жалпы 1 200 шаршы метр шатыр аумағы өртеніп, екінші қабаттағы кабинеттер де зақымданды.

    Салдарынан Абай ауданы әкімдігі, Мемлекеттік істер жөніндегі департамент және Мемлекеттік басқару академиясының 100-ден астам қызметкері ғимаратсыз қалды. Аудандық әкімдік екі ай ішінде жөнделіп, қызметкерлер қайта орнына оралуы тиіс.

    Қазіргі таңда үш мекеме де уақытша орын іздеп жатыр.

    – Жұмыс тоқтаған жоқ. Халықпен кездесулер, санитарлық тазалық, балалар ойын алаңшасын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі электронды құжат айналымы уақытша тоқтаған, – деді Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Шерхан Кеңес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →