Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Головкин рингке қайта оралуы мүмкін

    Головкин рингке қайта оралуы мүмкін

    Фото: ©instagram.com/gggboxing/

    Аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий «GGG» Головкиннің (42-2-1, 37 KO) мансабындағы соңғы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасуы мүмкін екені анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

    Жақында 2004 жылғы Олимпиада чемпионы, бұрынғы WBA, WBC және The Ring белбеулерінің иесі, америкалық Андре Уорд (32-0, 16 KO) рингке қайта оралатынын мәлімдеді. Осы жаңалықтан соң әйгілі Sports Illustrated журналы оған үш ықтимал қарсылас ұсынды, солардың алғашқысы – Қарағанды облысының тумасы Геннадий Головкин.

    «Бұл айқас баяғыда-ақ өтеді деп болжанған еді. 2015 жылы қос тарап кездесу өткізуге жақын болған. Алайда Roc Nation Sports дерегінше, Головкиннің командасы келісімшарттан бас тартқан. Сол кезде қазақстандықтың орта салмақта Давид Лемьеге қарсы біріктіру жекпе-жегі жоспарланып қойған еді», – деп жазады басылым.

    Sports Illustrated сарапшыларының айтуынша, 43 жастағы GGG 2022 жылдан бері рингке шықпаған. Сол жылы ол Сауль «Канело» Альвареспен екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасып, жеңіліс тапқан еді.

    «Головкин мансабын Канеломен трилогиядағы жеңіліспен аяқтағысы келмейтін шығар деп ойлаймыз. Сондықтан соңғы жекпе-жегін өткізеді деген болжам бар. Ал Уордпен айқас Тайсон мен Рой Джонс кездесуін еске түсіретін оқиға болар еді», – деп жазады журнал.

    Сонымен қатар Уордтың ықтимал қарсыластары ретінде 43 жастағы британиялық Тони Белью (30-3-1, 20 KO) мен атышулы америкалық блогер-боксшы Джейк Пол (12-1, 7 KO) да аталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →