Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» •

    Алматыда әйелдерге арналған қауіпсіз такси жобасы іске қосылды (ВИДЕО)

    Алматыда әйелдерге арналған қауіпсіз такси жобасы іске қосылды (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Жаңа адамдар қозғалысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасын және Қауіпсіз Қазақстан акциясын жүзеге асыру аясында қоғамда қауіпсіздік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаны іске қосты. Бұл жоба мыңдаған әйелдер тап болатын мәселені көтереді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алматы көшелерінде Қауіпсіз әйелдер таксиі жобасының 7 көлігі жүре бастады. Арнайы безендірілген көліктерде сапар тегін. Жүргізушілер де, жолаушылар да тек әйелдерден тұрады. Такси 1 қыркүйекке дейін Алматыда және қала маңындағы аудандарда — Қаскелең мен Бесағашта жұмыс істейді.

    Жолаушыларға өздері қалаған жағдайда харассментке немесе өзін қауіпсіз сезінбеуіне байланысты жеке оқиғасымен бөлісу ұсынылады.

    Жолаушының келісімімен әр көлікте құпиялылық сақтала отырып, аудио және бейнетүсірілім жүргізіледі. Бұл жазбалар жобаға тиесілі YouTube арнасында жарияланады. Көрермендер әйелдердің шынайы оқиғаларын тыңдап, заңгерлер мен психологтардың кеңестерін алып, бастаманы қолдайтын танымал тұлғалардың қатысуын көре алады.

    Жобаның басты мақсаты — әрбір әйел өзін қауіпсіз әрі естілетіндей сезінетін кеңістік қалыптастыру. Біз харассментке нөлдік төзімділікті орнықтырып, жеке шекараны құрметтейтін қоғамдық мәдениет қалыптастыруды көздейміз. Бұл — әрбір адам өз әрекеті үшін жауапкершілік алатын Қауіпсіз және Әділетті Қазақстанды құрудағы қадам.

    Барлық қалаушылар бастаманы қолдап, қоғамдық диалогқа қатысу үшін Instagram директіне жаза алады:

    — @Tumaaarrr

    — @Zhana.adamdar

    Қызығушылық танытқан қыздар такси жүргізушісі болу үшін өтінім бере алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →