Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    Сербияда бүлік кезінде 68 адам жараланды

    Сербияда бүлік кезінде 68 адам жараланды

    Фото: bbc.com

    Сербияда биліктің жақтастары мен қарсы тарап дүрдараз. Екі топ қаланың орталығында екі күннен бері тіресіп тұр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

    Полицейлер жұртты тарата алмаған соң көзден жас ағызатын газ қолданды. Халықаралық агенттіктердің дерегі бойынша, бүлік кезінде 70-ке жуық адам жараланды. Олардың арасында полиция қызметкерлері де бар.

    Елдің Ішкі істер министрі көшеге шыққан шерушілерді ақылға келуге шақырды. Ал Сербия Президенті Александр Вучич биліктің қарсыластарын қылмыскерге теңеп отыр. Мәселенің басы — былтырғы дау. Өткен қараша айында Нови-Сад қаласында теміржол стансасының шатыры опырылып құлап, 16 адам көз жұмған еді. Олардың арасында балалар да болды. Бұл ел ішінде жаппай наразылық туғызды. Билік қарсыластары құрылыс кезінде жемқорлыққа жол берілді, деп санайды. Сондықтан Президенттен кезектен тыс сайлау өткізуін талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →