Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    «Жиембай бас-аяғы 5 рет оқ атқан». Берденов қастандық жасалған сәттің видеосы көрсетілді

    «Жиембай бас-аяғы 5 рет оқ атқан». Берденов қастандық жасалған сәттің видеосы көрсетілді

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Берденов ісі бойынша оқиға болған сәттің видеосы көрсетілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі Qaz365.kz сілтеме жасап.

    Сот залындағы экраннан қылмыс орнында түсірілген бейнежазба көрсетілді. Онда тәркіленген айғақтар, соның ішінде күдіктінің автокөлігіндегі заттар бейнеленген. Дәлелдер қатарында: ұялы телефон, «Сайга» қаруының қаптамасы, кобура және оптикалық көздеуіш бар.

    Оқиғаның қалай болғаны қала әкімдігі ғимаратындағы бейнекамералардан алынғаны айтылды.

    21 сәуір күні кешкі сағат тоғыз шамасында қала әкімдігі ғимаратының Көрме орталығы бетіндегі есігінің жанына қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қызмет көлігінің тоқтағаны, іле-шала Руслан Берденовтің әкімдік ғимаратынан шығып ұялы телефонын қарап көлікке қарай бара жатқанын байқалады. Осы сәтте көлік жанынан айыпталушы Ернар Жиембай жүгіріп шығып, Берденовке қарай оқ атады. Берденов көлікті айналып қашады. Жиембай оның артынан қуып бірнеше рет оқ атады. Жиембай бас-аяғы 5 рет оқ атқан.

    Сондай-ақ сотта әкімдік бейнебақылау камераларына жазылған Жиембайды ұстау сәті көрсетілді. Кадрларда күдіктінің жаяу жүргіншілер өткелі маңында ұсталғаны көрінеді. Ол қарусыз болған, жерге жатқызылған. Ұстау операциясына полиция қызметкерлері және Руслан Берденовтің әріптестері қатысқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →