Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді

    «Бұрын да істі болған»: мешітте «бір реттік неке» ұсынған сақалды мұсылман қамауға алынды

    «Бұрын да істі болған»: мешітте «бір реттік неке» ұсынған сақалды мұсылман қамауға алынды
    Ақтөбедегі мешітте бойжеткенге «бір реттік неке» ұсынып, қырыңдаған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.

    Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы Талғат Ахметов әдепсіз әрекеті үшін жазаланды. Ер адамға қатысты 449-бабының 2-бөлігі «қоғамдық орында тиісу» бойынша бейнежазба зерттелді, іс әкімшілік сотта қаралды.

    Сотта құқық бұзушы сот отырысында кінәсін ішінара мойындады. Ол мешітте бейтаныс қызбен сөйлескенін, неке қиюға ұсыныс жасағанын, жыныстық сипатта ұсыныс білдірмегенін айтты. Ал жәбірленуші Наурызбаева ер адамды бұрын танымайтынын әрі оның неке қиюды ұсынғанын, ісін бітіргесін екі жаққа кететіндерін тікелей айтқанын көрсетті.

    Сонымен қатар, сотта іс бойынша «Нұр ғасыр» мешітінің имамы Смағұловтың түсініктемесі де бар. Ол ер адамның мешіт қызметкері емес екені айтып, оны бақылауға алуды сұрады. Сондай-ақ, іс материалында Ахметовтың осыған дейін де әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті үшін жауапқа тартылған анықталды

    Коллаж: Orda.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →