Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады • Президентіміз Оман Сұлтандығының Әл Саид орденімен марапатталды • Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? • «Оңай емес»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды • Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады • Президентіміз Оман Сұлтандығының Әл Саид орденімен марапатталды • Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? • «Оңай емес»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды •

    Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады
    Фото: boksenyt

    Жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Банк қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болғаннан кейін WBO ұйымына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы INFORMSPORTS-ке сілтеме жасап.

    Банктің айтуынша, ол шамамен бір жыл бойы WBO рейтингінде екінші орында тұрған және чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алады деп үміттенген. Алайда ұйымның кейбір шешімдерінен кейін мұндай мүмкіндікке деген сенімі азая бастаған.

    — WBO рейтингінде бір жылға жуық уақыттан бері үміткерлер арасында екінші орындамын. Мен дайын болдым. Ал Хамза осы аралықта рейтингінің үшінші және бесінші нөмірлерімен жұдырықтасты. Сондықтан олардың осындай ұстаныммен әрекет етіп жатқанын көріп, әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шыға алатыныма деген сенімімді жоғалта бастадым. Бұл спорттық қағидаларға мүлдем сай келмеді. Біз тіпті WBO-дан толықтай бас тартып, WBC бағытына ауысуға шешім қабылдаған едік. Бірақ кейін Жәнібекпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі пайда болды. Әрине, мен бұл мүмкіндікті пайдаланамын. Мен әлем чемпионы болғым келеді және оған апаратын оңай жол бар деп ойламаймын. Онымен ешкім жұдырықтасқысы келмейтін Жәнібек бола ма, әлде басқа боксшы ма – әлем чемпионы атану кез келген баланың ең үлкен арманы, – деді Банк.

    Даниялық боксшы алдағы кездесудің қаншалықты қиын болатынын түсінетінін атап өтті. Соған қарамастан, ол басты мақсаты – әлем чемпионы атану үшін Әлімханұлымен рингке шығуға дайын.

    Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы вакантты әлем чемпионы атағы үшін өтуі тиіс. Кездесудің нақты күні мен өтетін орны әзірге жарияланған жоқ.

    Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. Жәнібек Әлімханұлы 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Ал Якоб Банк 20 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 11 қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →